Астанада Ұлыстың ұлы күні - Наурыз
мейрамына орай көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің
мақсаты - қала тұрғындарына сапалы өнімді төмендетілген бағамен сату.
Шараға көршілес елдерден де
кәсіпкерлер қатысуда. Көрме-жәрмеңкеде түрлі
сыйлық жиынтықтары, кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдар, денсаулыққа және үйге
арналған тауарлар көпшілік назарына ұсынылды.
Шыңғыс Жағыпаров, көрме
ұйымдастырушысы:
Бүгінгі көрме жәрмеңкеміз Наурыз мейрамына байланысты ұйымдастырылуда. Біз сатушылармен байланыс орнатып тауар бағасына
жеңілдіктер жасадық.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА