$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте анасы соққыға жыққан 2 жасар қыз қайтыс болды, оның 4 жасар апасы комаға түскен

AstanaTV
26.03.2014ж. 13:00
869
Шымкентте анасы соққыға жыққан 2 жасар қыз қайтыс болды, оның 4 жасар апасы комаға түскен

Шымкентте әйел өз балаларын өлімші етіп сабап тастады. Ауыр соққыдан екі жасар қыз бала бірден көз жұмған. Ал оның төрт жастағы әпкесі ес-түссіз жан сақтау бөлімінде жатыр. Сұмдық хабарды облыс прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов хабарлады.

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген бүлдіршінің ішкі органдарына зақым келіп, жабық ми жарақатын алған. Ал балалардың анасы, 38 жастағы азаматша қазір қамауда. Ол қыздарын әкесіне барамыз деп сұрана бергесін ұрып тастағанын айтады. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.