$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде су бөгеті салынып жатыр

AstanaTV
26.03.2014ж. 13:00
1142
Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде су бөгеті салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жалғасуда. Таудағы қар еріп, ауылдарды су басып жатыр.

Глубокое ауданының төрт ауылы топан сумен арпалысып әуре. Қызыл су қора-қопсы мен үйлерді басып кетті. Төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар топан суға бөгет тұрғызуда. Алайда таудан сарқырай аққан алапат тасқын ауыздықтатар емес.

Ауа райын қадағалайтын мамандар болса, алдағы демалыс күндері өңірде 15 градусқа дейін жылынады деп отыр. Төтенше жағдай қызметкерлері болса, күннің күрт жылуы жағдайды мүлдем ушықтырып жіберуі мүмкін деп отыр.

Евгений Шатурный, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ақпараттық бөлім басшысы:

Қауіпті аумақтарда арнайы адамдар бар, олар жағдайды бақылап, күзетіп тұр.Су тасқыны қайталанады деген қауіп бар. Сондықтан
, сақтық шараларын күшейттік.

Қанат ОРАЛБЕК