$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қостанайлық кәсіпкерлер қомақты айыппұлдан құтылды

AstanaTV
26.03.2014ж. 20:00
1013
Қостанайлық кәсіпкерлер қомақты айыппұлдан құтылды

Қостанайлық кәсіпкерлер қомақты айыппұлдан құтылды. Айта кетейік, аймақта автоматтандырылған көлік бақылау жүйесі іске қосылған. Содан бері жүкті шамадан тыс тиеген бірнеше кәсіпорынға 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал тасымалдаушы компания өкілдері жол бойындағы арнайы өлшем құралының артық салмақ көрсететінін алға тартқан.

Тіпті таразы басын теңестіру үшін арнайы тәжірибе өткізуді ұсынды. Өйткені тиелетін жүктің салмағы кәсіпорындағы таразы бойынша тексеріліп, тауар тасымалдау ережесіне сай жөнелтіліп отырған. Өзекті мәселеге өңірдегі кәсіпкерлер палатасы араласты. Олар көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе отырып, ортақ шешімге келген.


Мұрат Әбенов, Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы:


Көліктік бақылау инспекциясы тарапынан кәсіпорындарға қатысты екі ай ішінде 490 хаттама толтырылған. Кәсіпкерлерге салынған айыппұл көлемі 324 миллион теңге. Облыстық палатаның қолдауымен біз қостанайлық кәсіпкерлердің мүддесін қорғап қалдық. Инспекциямен бір бітімге келдік.


Заңғар САНАЙ