Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы
елшісі Масаеси Камохарамен кездесті. Екеуара әңгімеде халықаралық қауіпсіздік,
ядролық қаруды таратпау, атомды бейбіт жолға пайдалану сынды маңызды тақырыптар
сөз болды.
Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
ядролық қауіпсіздік жолындағы бастамаларының өзектілігіне тоқталды. Осы ретте төраға Гаагада өткен Саммит бастамалардың заманауилығын тағы бір дәлелдегеніне
назар аударды.
Өз кезегінде Масаеси Камохара Жапония Қазақстанмен барлық
бағытта әсіресе, атомды бейбіт жолға пайдалану мәселесінде етене байланыс
жасауға дайын екенін жеткізді.
Нұрлан Нығматулин аталған елдің энергетика
саласындағы озық тәжірибесін ескере отырып, жапондық компанияларды ЭКСПО-2017
көрмесіне қатысуға шақырды. Парламентаралық қарым-қатынасты нығайту жайында
әңгіме өрбіткен тараптар ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы өзара
іс-қимылды кеңейтудің өзектілігін атап өтті.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА