$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Гаагада қызғалдақтың жаңа сортына «Президент Назарбаев» атауы берілді

AstanaTV
26.03.2014ж. 20:00
1368
Гаагада қызғалдақтың жаңа сортына «Президент Назарбаев» атауы берілді

Гаагада қызғалдақтың жаңа сортына «Президент Назарбаев» атауы берілді. Елбасымыздың Нидерланды корольдігіне сапары кезінде осындай тамаша ақпарат тарады. Жаңа сұрыптың авторы - белгілі голландиялық гүл өсіруші Жан Лайтхард. Мұнда әйгілі саясаткерлер Буш, Клинтонның, сондай-ақ Нидерланды королінің құрметіне аталған қызғалдақ сұрыптары бар.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азиядағы осындай құрметке ие болған алғашқы президенттердің бірі. Келесі жылдан бастап Президент атындағы қызғалдақ елордамызды безендіреді деген жоспар бар. Ал қазақстандық гүл өсірушілер бұл бастаманы қуана құптайды.


Татьяна Ворончихина "Қаз-флор Астана" ЖШС өкілі:


Бізге жақсы жаңалық келді, елбасымыздың құрметіне «Президент Назарбаев» атты қызғалдақтың жаңа сұрыпы арнайы өсірілген. Бұл әзірге жоба ғана, өз елімізге әкелініп, өсіру үшін бірінші кезекте осы сұрып түріне міндетті түрде тапсырыс береміз.