$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ Үкіметі қаржылық құйтырқылықтар үшін елдегі банктерді жазаға тартты

AstanaTV
27.03.2014ж. 10:00
1596
АҚШ Үкіметі қаржылық құйтырқылықтар үшін елдегі банктерді жазаға тартты

Америкалық банктердің қазынасы 100 миллиард долларға қағылды. Бұндай көлемдегі ақшаны түрлі астыртын қаржылық әрекеттер үшін айыппұл ретінде өтеген.

Деректерді «Файнаншал Таймс» мамандары келтіріп отыр. Әсіресе АҚШ қазынасының «өнімділігі» 2013 жылы байқалған. Осы уақыт үзерінде ең көп банк қаражаты өндірілген.

Әңгіме Джи Пи Морган, Банк оф Америка, Ситигруп, Вэлс Фарго, Голдман Сачс және Морган Стэнли банктері хақында болып отыр. Есептеу барысында олардың сот шығындары, оның ішінде заңгерлердің қызметі мен өтемақылар саналған. Нәтижесінде ең көп жапа шеккен Джипи Морган және Америка банкі. Олар астыртын қаржылық әрекеттер үшін айыппұлдардың 75%-зын өтеген.

Ал осыдан бірер күн бұрын ғана АҚШ-тың федералдық агенттігі ипотекалық несие мен құнды қағаздар нарығында қаржылық алаяқтыққа жол берген Кредит Суйс банкіне 885 миллион доллар айыппұл салған.

Мамандардың пайымдауынша, америкалық үкімет бұндай ауыр шараларға 2008 жылғы қаржылық дағдарыс үшін банктерді жауапқа тарту мақсатында барған.

Жұрағат БАМАН