Дональд
Трамп республикашылдар партиясының атынан АҚШ-тағы президент сайлауына түсетін
жалғыз кандидатқа айналды. Индиана штатындағы сайлаушылардың 50% астамы
миллиардерге дауыс берген. Трамптың қарсыласы, республикашылдар атынан додаға
түсуге ниетті тағы бір үміткер Тед Круз праймеризден кейін сайлау бәсекесінен
шығып қалды, - деп хабарлайды Рейтерс.
Ал демократтар Хиллари Клинтонмен бірге
халықтың 52% дауысына ие болған Берни Сандерске үміт артып отыр. Дегенмен,
Вермонт губернаторына қарағанда, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысының бәсі
басым, дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, сайлаушы-демократтардың арасында
кеңінен танымал Клинтон Сандерсті артқа тастаған көрінеді. Демократтар
сайлауалды тартыстың келесі кезеңін 7 мамыр күні өткізеді деп жоспарланып отыр.
Еркін КАРИН