$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Трамп республикашылдардың жалғыз үміткеріне айналды

AstanaTV
04.05.2016ж. 20:00
1783
Трамп республикашылдардың жалғыз үміткеріне айналды

Дональд Трамп республикашылдар партиясының атынан АҚШ-тағы президент сайлауына түсетін жалғыз кандидатқа айналды. Индиана штатындағы сайлаушылардың 50% астамы миллиардерге дауыс берген. Трамптың қарсыласы, республикашылдар атынан додаға түсуге ниетті тағы бір үміткер Тед Круз праймеризден кейін сайлау бәсекесінен шығып қалды, - деп хабарлайды Рейтерс.

Ал демократтар Хиллари Клинтонмен бірге халықтың 52% дауысына ие болған Берни Сандерске үміт артып отыр. Дегенмен, Вермонт губернаторына қарағанда, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысының бәсі басым, дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, сайлаушы-демократтардың арасында кеңінен танымал Клинтон Сандерсті артқа тастаған көрінеді. Демократтар сайлауалды тартыстың келесі кезеңін 7 мамыр күні  өткізеді деп жоспарланып отыр.

Еркін КАРИН