$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Түркияда Эрдоғанның жақтастары сайлаудағы жеңісін тойлай бастады

AstanaTV
31.03.2014ж. 10:00
1326
Түркияда Эрдоғанның жақтастары сайлаудағы жеңісін тойлай бастады

Түркиядағы қанды сайлауда Реджеп Тайып Эрдоғанның партиясы көш басында. Ал жазықсыз сегіз адам осы сайлаудың құрбаны болды, үміткерлер жақтастары арасында туған қақтығыстан 36 адам ауыр жарақат алды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл сайлау - осы жылдың тамызына жоспарланған президент сайлауына деген дайындық.

Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоған болса, өзінің Әділет және даму партиясының жеңіске жеткенін жариялады. Ол, тіпті, Анкарада сөйлеген сөзінде өзге партиялардың премьер- министрдің абыройын түсіруге ұмтылғаны үшін әлі жауап беретінін айтты.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы билік сайлауы кеше өтті. Соңғы дерек бойынша, қазіргі премьер-министр партиясы 43,18% дауыс жинап, көш бастап тұр. Екінші орынға 25% дауыспен оппозициялық Халықтық-республикалық партия тіркелді. Сайлауға жалпы 26 саяси партия қатысып, 52 миллион тұрғын дауыс берді.

Сымбат МОЛДАТАЙ