$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Назарбаев пен Путин интеграция мәселесін талефон арқылы талқылады

AstanaTV
27.03.2014ж. 20:00
846
Назарбаев пен Путин интеграция мәселесін талефон арқылы талқылады

Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық ықпалдастық пен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы осы мәселелерді талқылады. Мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынастың басым бағыттарын, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту жайын да сөз етті.

Бұған қоса, Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік саммитінің қорытындылары туралы да пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі жақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара түсіністік барын атап өтті.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА