$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үкімет басшысы Қызылорда өңіріне сапары кезінде тасқынға қарсы шараларды пысықтады

AstanaTV
27.03.2014ж. 20:00
1673
Үкімет басшысы Қызылорда өңіріне сапары кезінде тасқынға қарсы шараларды пысықтады

Қызылорда облысы күріш егу науқанын едәуір кеш бастамақ. Дала жұмыстары сәуірдің 20-сынан кейін қарқын алады. Оған көктемнің кешігіп келуі себеп болып отыр. Десе де, күріштің мезгілімен пісуіне еш кедергі болмайды.

Бүгін аймаққа үкімет басшысы Серік Ахметов арнайы іссапармен келді. Премьер-министр бастаған делегацияны шаруалар Нағи Ильясов атындағы ауылдан күтіп алды. Биыл облыста сыр маржанын 76 мың гектар алқапқа егу жоспарланған. Ал мөлшерінен артық жауған жауын-шашын мен қар топырақты тез нәрлендіреді. Мамандар судан таршылық көрмейміз деп сендірді. Қажетті техника да сақадай-сай. Жанар-жағармайдың литрі шаруашылықтарға 90 тенгеден жеткізілмек. Тіпті күзде жиналатын астықты сатып алушылар да табылып отыр. «Байқоныр Агрохолдингі» шаруа қожалықтарынан қазірдің өзінде күрішті сатып алып қойған.

Талғат Дүйсебаев, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Әр келісін 50 теңгеден осы қазіргі күні төлеп қояды. Күзде соны агрохолдингке өткізеді. Біз сол үстіміздегі жылы сол агрохолднгке 40 мын тоннаға жуық күріш салысын жинаймыз деген жоспарымыз бар.

Осы жылы аймақта бірнеше инвестициялық жоба іске асырылмақ. Екі мал бордақылау алаңы, үш күріш өңдеу кешені мен құрама жем дайындайтын зауыт салынады. Бұл жобалармен танысқан Үкімет басшысы облыс атқамінерлеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:

Енді Премьер-министрдің кеңсесі көтерілген мәселелер бойынша анықтаманы жасап, оның орындалуы қатал бақылауға алынады.

Шарипа САҚТАПОВА