Салық жүйесін
сараптауды аяқтап қалған Үкімет күзге қарай тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді
көздеп отыр. Оған сай бірқатар салалар жеңілдіктен қағылуы мүмкін. Бүгін бас
экономист Ерболат Досаев сенаторларды осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен
таныстырды.
Мәселен, ауыл-шаруашылығы
өнімін өндірушілер. Дүниежүзілік сауда ұйымына ену процесі көбінесе осы саладағы
кедергілерге қатысты кешеуілдеп жатыр. Ұйымға мүше елдер аграрлық салаға
көрсетілетін көмекті мүлдем алып тастап, жағдайды теңестіруді талап етуде.
Дегенмен, қазір Үкімет осы қиындықты айналып өтудің жолын қарастырып жатқан
сыңайлы.
Ерболат
Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:
ВТО-дағы ең қиын келіссөздердің ішінде, ең
маңыздысы осы. Осы жеңілдікті басқа жеңілдікке ауыстыру туралы. Біз салық
жеңілдіктерін субсидияға ауыстырамыз.
Министрдің айтуынша,
салықтық жеңілдіктер екі түрге бөлінеді. Қазір индустриалды-инновациялық
жобаларды іске асыруы тиіс он бірдей Еркін экономикалық аймақ салықтан
босатылған. Тек мұның игілігін Астанадағы аффинажды зауыт қана көріп отыр.
Қалғандары жарытып өнім беріп жатқан жоқ, деп атап өтті министр. Бұдан былай қай
саланың жеңілдікке ие болатыны немесе керісінше, одан қағылатыны алдағы күзде
нақтыланбақ.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ