$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-та мұнай бағасы $12 баррельге дейін төмендеуі ықтимал

AstanaTV
27.03.2014ж. 20:00
1172
АҚШ-та мұнай бағасы $12 баррельге дейін төмендеуі ықтимал

Барак Обама зор шығындарға қарамастан, Еуропаны жанармаймен қамтамасыз етуге дайын. Америка басшысы бұл жұмысты жақын арада қолға алатынын Бельгияда өткен Еуроодақ саммитінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Еуропадағы әріптестеріне АҚШ-тың инвестиция бойынша жоспарын айтты. Ал, сарапшылар Вашингтонның Еуропаны көгілдір отынмен қамтамасыз етуіне қанша қаражат кететінін есептеуде. Инфрақұрылым мен тасымалға ондаған миллиард доллар қажет. Бұған қоса, сұйылтылған газды қабылдау үшін танкерлерге қажет орындар мен зауыттар керек. Еуропалықтарға мұхит асатын жанармайдың бағасы қымбатқа түсуі мүмкін.

Барак Обама, АҚШ президенті:

АҚШ Еуропаға қажетті табиғи газды тасымалдауға дайын. Жұмыс жоғары дәрежеде атқарылу үшін энергетика министрлерімен келісудеміз. Егер Ақш стратегиялық босалқы қорды ашса мұнай бағасы берреліне 12 долларға төмендеуі мүмкін. Олар 700 миллион баррельді құрайды. Бұл жағдайда Ресейдің шығыны 40 млрд долларға жетуі ықтимал.

Жұрағат БАМАН