Еліміз Орта Азия ішінде босқындар саны
бойынша алғашқы орында. Өткен жылы көрсеткіш
60%-ға артқан. Қазір Қазақстанда 497 босқын бар. Мұндай ақпаратты Ішкі істер министрлігі таратты.
Ведомство Біріккен Ұлттар Ұйымының
Орта Азиядағы босқындар ісі бойынша аумақтық өкілі Сабер Азамменнің
Қазақстандағы қызметінің аяқталуына орай баспасөз мәслихатын өткізіп,
босқындарға қатысты атқарылған шаруаларды пысықтады. Босқын мәртебесі бір жылға беріледі. Одан соң шетелдік,
елде 5 жыл тұрып немесе қазақ азаматымен некелесіп үш жыл тұрақтаса, Қазақстан
азаматтығы беріледі.
Алайда, Ішкі істер министрлігінде
қанша шетелдіктің отандастармызбен отау құрғаны туралы ақпарат жоқ. Және босқындар саны бойынша Қазақ елі әлемде нешінші орында
екенін көрсететін де статистика жоқ болып шықты. Есесіне біз оларға босқын
мәртебесін беруді жеңілдетіп, бірқатар құжаттарды азайтыппыз.
Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ Көші-қон департаменті аумақтық
иммиграция және босқындармен жұмыс жасау басқармасының бастығы:
Босқындар біраз
құжаттардан босатылды. Өз елдерінен әкелетін, талап ететінімізді. Оның ішінде
ең көбі Ауғаныстан
азаматтары, Өзбекстан, Қытай азаматтары, Сомали, Эфиопия азаматтары бар. Босқын
деп танылмайды егер қылмыстық жауапкершілікте, іздеуде жүретін болса, ол босқын мәртебесін ала алмайды.
Босқындардың басым бөлігі Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда
тұрақтайды. Және олардың көбінің жеке кәсібі бар көрінеді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ