$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада кедендік бекеттердегі жемқорлық фактілер тыйылмай отыр

AstanaTV
28.03.2014ж. 13:00
1421
Астанада кедендік бекеттердегі жемқорлық фактілер тыйылмай отыр

Кедендік бақылау комитетінің Уәкілетті экономикалық операторлар қызметі Қазақстанға сырттан енетін тауарлардың заңдастырылуын айқын және жедел етті.

Осылайша, өткен жылғы көрсеткіштер бойынша тек Қазақстан-Қытай шекарасынан тасымалданатын тауарлардың 50%-нан басымы операторлар қолынан өтіп отыр. «Жасыл дәліз» жобасы аясында іске асырылған бұл қызмет түрі тауарлардың шекарадан жылдам өтуін және контрабанда мен сыбайлас жемқорлық фактілерін түбегейлі жоймаса да, азайтуға өз септігін тигізеді.

«Жасыл дәліз» жобасы аясында кедендік бақылау қызметінен мемлекет қазынасына түсетін қаржының көлемі де артқан. Мысал үшін, көршілес Қытайдан кіретін бір көлік тауардың төлем сомасы 7,5 миллион теңгеге дейін ұлғайған.

Алайда бұл өсім өз қалтасын ойлаған азаматтардың заңды айналып өту жолдарын іздестіруге түрткі болады дейді комитет басшысы. Контарабандалық тауар айналымы мен сыбайлас жемқорлық өткен жылдармен салыстарғанда едәуір бәсеңдетілгенімен түбегейлі жою мүмкін болмай отырған көрінеді.

Ғосман Әмрин, ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы:

Енді қазір бір машинадан 12,5 млн не 7,5 млн болса, аяқ киімнен оны енді нағыз тасымал құны 8,5 млн-ның 1 млн ғана оған қалады. Пайдасы бар оның шығысы бар ол қалай береді? Енді көлеңкеде жүрген компаниялар белгілі мемлекетке айтады: мен 2 млн берейін, қалғанын бөліп алайық
.