Қазақстан Украина сыртқы істер министрлігі жолдаған нотаны түсінбестік деп санайды. Және оған жауап қайтаруды жоспарлап отырған жоқ. Мұндай ақпаратты еліміздегі құзырлы ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов жеткізді. Ол сонымен қатар Қазақстан Украинадағы жағдай бойынша салмақты және шынайы ұстанымда екендігін мәлімдеді.
Жанболат
Үсенов, ҚР СІМ ресми өкілі:
Нотаның
пайда болуы парасатты оймен емес, эмоциямен жасалғанға ұқсайды. Біздің Елбасымыз Гаагада барлық тараптардың бейбіт келіссөздері арқылы, жалпы
халықтық, нағыз репрезентативті демократиялық сайлаумен елдің экономикалық
қайта қалыптасуына ықпал жасау негізінде украиналық дағдарыстан шығуға шақырды.
Біз аталған мәлімдемелерде украиналық тарапты алаңдататын негіз көріп отырған
жоқпыз.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА