Шымкентте бірнеше ауқатты отбасыларының ауласына беймәлім зат орнатып, бірнеше жарылыс жасаған 3 адамға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. Үш күдіктінің екеуі 14 жылдан жаза арқаласа, тағы біреуі қатаң тәртіптегі колонияда 13 жыл отыратын болды. Тақырыпты сот отырысына қатысып қайтқан әріптесім Айзада Төребекқызы сабақтайды.
Жарылыс ұйымдастырды деп айыпталғандардың ісі облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта бес айға жуық қаралды. Айыпталушы орындығында отырған үш күдікті «Адам өлтіруге оқталу», «бопсалау» және «есірткі сақтау» сынды бірнеше бап бойынша жауапқа тартылған болатын.
На основании статьи 58 часть 3 УК РК по особым преступлениям путем по оглашению менее строгое назначить наказание более строгим.Окончательно определить Ефимову к отбытию 14 лет лишения свободы с конфискацией имущества, отбывая полученное наказание в колонии строго режима.
Ефимовтан бөлек 26 жастағы Сергей Димченко да 14 жылды, үшінші айыпталушы Ерлан Аманбалаев 13 жылға жаза арқалады. Алайда айыпталушылардың ешбірі де тағылған айыппен келіспейтіндерін айтады.
Мы не делали этого. - Мы не виновны. - Пускай посмотрят все клипы, которые здесь говорили понятые и потерпевшие. У них нет ни одного доказательство.
Бұл үшеу «Чапаевка» аталып кеткен елді мекенде 2012-2013 жылдары орын алған 12 жарылысқа қатысы бар деген күдікпен өткен жылы қамауға алынды. Қолдан бомба жасап, оны күнкөрісі тәуір отбасыларды қорқытып бопсалауға қолданған. Екі әйел аяғынан жараланса, тағы екі адам жеңіл жарақат алды. Күдіктілер қамауда отырған кезде, өткен жылдың қыркүйегінде тағы бір жарылыс тіркелген. Мұны полиция «назарды өзге жаққа аудару үшін сыбайластары жасаған қылмыс» деген-ді.
Мырзахан Исаев, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
Тергеу барысында Аманбалаев пен Димченко өздерінің қылмыстарын мойындаған. Содан кейін Ефимовты көрсетіп отыр. Осындай болған, Ефимов бізге тапсырма беруіне байланысты біз осындай істедік деп көрсетті. Енді олардың жауабын жоққа қалай шығарасыз.
Дей тұрғанмен айыпталушылардың туыстары да сот үкімімен келіспейді. Олар әділ шешім болмады дейді. Енді Жоғарғы сотқа талап-арыз түсіруге әзірленеміз деп тарқасты.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ