$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Гауһар» тігін шеберханасына қолдау танытты

AstanaTV
28.03.2014ж. 20:00
2104
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Гауһар» тігін шеберханасына қолдау танытты

Бизнес иелері ұлттық кәсіпкерлер палатасының шарапатын көруде. Аталған палата «Гауһар» тігін шеберханасына қолдау танытты. Бес жүз адамды жұмыспен қамтып отырған мекеме банктік қаржылай операцияларды дер кезінде орындай алмаған. Салдарынан сот шешімімен кәсіпорынның екі бірдей есеп шотына тыйым салынды. Мәселе екі тараптың бір тоқтамға келмеуінен туындаған.

Тігін шеберханасына  үлкен көлемде тапсырыс берген бизнесмен екі айдан соң  шешімін өзгертіп, киім-кешекті тіктіруден бас тартады. Алдын ала төленген 1 млн мың теңге қаржыға тігін материалы сатып алынып қойған. Осыны алға тартқан шеберхана басшысы қолда бар шикізатты қайтаруға бекінеді. Бірақ тапсырыс беруші талабын сотқа жолдады.


Әнипа Халбаева,  «Гаухар» тігін фабрикасы» ЖШС директоры:


Кәсіпкерге шот жапты дегені ол жұмыс тоқтады дегені. Не ақшаны банктен ала алмаймыз, не шикізатқа төлейтін ақшаны төлей алмаймыз. Қайтара сотқа арыз жолдадық. Бірінші, екінші, тіпті үшінші инстанцияда да біз жеңіп шықтық. Бір ай ма, екі ай ма созылды. Ал енді сот орындаушылары өзінің шешімін ала алмай жатыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өтінішті айтқан едік. Бізге тез жәрдем берді. Үш-төрт күнде біз шоттарымызды аштық. Ол дегеніңіз біз үшін нақты жәрдем.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА