$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы «Ақ жол», «Халық коммунистері» партияларымен меморандум жасасты

AstanaTV
28.03.2014ж. 20:00
1446
Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы «Ақ жол», «Халық коммунистері» партияларымен меморандум жасасты

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы «Ақ жол», «Халық коммунистері» партияларымен меморандум жасасты. Айта өтейік, бұған дейін Ассамблея «Нұр Отан» партиясы сондай-ақ «Азаматтық алянс» қауымдастықтарымен де келісімге отырған. Бұдан былай Ассамблея саяси партиялармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, еліміздегі этносаралық татулықты одан әрі дамыта түсуге атсалыспақ. Бейбітшілік пен стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыратын болады. Естеріңізге салсақ, Ассамблеяның 9 мүшесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланған. 


Ералы Тоғжанов, ҚХА төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі:


Келісімнің негізі біреу ғана. Қоғамдық келісімнің айналасында бүкіл саяси партияларының біріккен ғана жұмысы бағытында болуы мүмкін.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА