«Зообақтағы жолбарысты бұдан әрі азаптамау керек». «Алматы хайуанаттар бағына көмек» әлеуметтік қоры таратқан ресми хатта мәскеулік ветеринар дәрігер Михаил Альшинецкийдің осындай байламға келгені айтылады.
Ресейлік
маман әлеуметтік қордың қамқоршылық кеңесіне басшылық ететін Райымбек
Баталовтың шақыртуымен келген. Жолбарысқа 2016 жылы наурызда жасалған рентген
түсірілімі мен қан талдауын жіті қарап шыққан ол жануардың өміріне араша түсу
енді мүмкін еместігін айтады. Сондықтан «Алматы зообағы этикалық кодексті
сақтай отырып, Құралайды азаптан құтқару керек. Оның тиімді жолы жануарды
қинамай өлтіру» деп санайды.
Бұған дейін Алматы хайуанаттар бағындағы
күрделі ахуал туралы хабарлаған едік. Осы уақытқа дейін зообақта 6 қар барысы
мен 1 шимпанзенің түсініксіз жағдайда өлгені анықталды.
Айгүл ЕРМАХАН