$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Солтүстік Корея тағы да ядролық сынақ өткізбек

AstanaTV
31.03.2014ж. 10:00
1088
Солтүстік Корея тағы да ядролық сынақ өткізбек

Қос Корея арасында тағы да теке-тірес туды. Солтүстік Корея билігі Оңтүстік Кореяға тағы да сес көрсете бастады. Олар кезекті рет ядролық сынақтар өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Дереккөздің хабарлауынша, Пхеньян алдағы бірнеше сағаттың ішінде баллистикалық зымырындармен соққы беруі мүмкін. Қазір елдің әскері бұған дайындалып жатыр. Ал ресми мәлімдемеде КХДР ешкімді қорқытып-үркіту мақсат емес деді.

Бұған дейін Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарды Жапон теңізі ауданында ұшырған болатын. Сол кезде БҰҰ-ы қатаң айыптап, зымырандарды ұшыру талаптарға қайшы және аймақтағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деген.

Өз кезегінде, Пхеньян бұл зымырандар АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ірі масштабты біріккен әскери дайындықтарына жауап ретінде ұшырылып отыр деп мәлімдеген. Бұл әрекеттер аймақтағы қатерді күшейтіп, екі Кореяның қарым-қатынасын ушықтырып жіберді.

Илхам ИБРАГИМ