Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф өлім жазасына кесілуі мүмкін

AstanaTV
01.04.2014ж. 10:00
1584
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф өлім жазасына кесілуі мүмкін

Пәкістан соты экс-президент генерал Первез Мушаррафты мемлекетке опасыздық жасады деп айыптауда. Кінәсі дәлелденсе, ол өлім жазасына кесіледі. Сот Мушарраф 2007 жылы құзырын асыра пайдаланып, елде төтенше жағдай жариялады. Сөйтіп, конституцияны бұзды деген байламға келді. Ол кезде президент елдегі жоғарғы сот төрағаларын тұтқындауды бұйырған.

Экс-президент болса, саяси бақталастары жала жауып отыр деп, өз кінәсін мойындамауда. Сондай-ақ, төтенше жағдай жариялау туралы шешімді жалғыз өзі қабылдамағанын айтып ақталды.

Еске салайық, Мушарраф 2001-2008 жылдары Пәкістан президенті болған. Отставкадан кейін елден кетіп қалған. Бірақ, 2013 жылы отанына қайтып оралып, Парламент сайлауына қатысты. Алайда, көп ұзамай тұтқындалып, үй қамаққа алынды. Бұдан бөлек, ол тағы төрт қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ



Алдыңғы жаңалық