$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Астанада әскерге шақыру басталды

AstanaTV
01.04.2014ж. 13:00
1244
Астанада әскерге шақыру басталды

Бүгіннен бастап елімізде көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биыл қарулы күштер қатары мен әскери құрылымдарға 11 мыңнан астам ер азаматтарды шақыру жоспарланып отыр. Олар Ішкі әскер қатарына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі мен республикалық Ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі қатарына жіберілмек.

Қаңтар-наурыз аралығында сарбаздар арасында іріктеу жүргізілген болатын. Шақырылған азаматтардың жеке істерімен танысу барысында комиссия өкілдері олардың біліміне, мамандығы мен отбасылық жағдайларына, дене және әскери дайындықтарына, моральдық-іскерлік сапасына мән берді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА