$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Қазақстан құрамасы теннистен Дэвис Кубогі үшін сайысқа дайындалуда

AstanaTV
01.04.2014ж. 13:00
1192
Қазақстан құрамасы теннистен Дэвис Кубогі үшін сайысқа дайындалуда

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалына әзірлік үстінде. Отандастарымызды қабылдайтын Швейцария құрамасы мықты спортшылармен жасақталған. Олар - бұл кездесудің фавориті.

Алаң иелері әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Олардың сапында Роджер Федерер және Станислас Вавринка сынды әлемдік деңгейдегі спортшылар өнер көрсетеді. Екі команда арасындағы жекпе-жек «Palexpo» көрме кешенінде анықталады. Қазақстан құрамасын қолдау үшін Женеваға 150 жанкүйер аттанды. Алғашқы ойындар 4-ші сәуір күні өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін Украина командасында өнер көрсеткен Александр Недовесовпен толықты.

Диас Досқараев,
теннистен Қазақстан құрамасының капитаны:

Швейцария командасы өте мықты команда. Рождер Федерер мен Станислас Вавринка әлемдегі үшінші мен төртінші ракеткасы. Еске сала кетейін, Станислас Вавринка Астана чемпионатында жеңімпаз болып атанған. Бірақ осы өте маңызды ойында біздің дайындық өте жақсы болды деп ойлаймын.

Швейцария құрамасындағы 5 ойыншы әлемнің үздіктері сапында. Ал, біздің командамыздағы Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Недовесовтер мықты деген жүз ракетканың қатарына ғана ілікті.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА