$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан экспорттық бақылауды күшейте түспек

AstanaTV
02.04.2014ж. 13:00
1322
Қазақстан экспорттық бақылауды күшейте түспек

Қазақстан экспорттық бақылауды күшейте түспек. Заң жобасын мәжілісте Индустрия және жаңа технологиялар министірінің бірінші орынбасары Альберт Рау таныстырды.

Елімізде Еуразия экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімінің күші жойылады. Сол арқылы ішкі бақылау күшеймек. Ресей мен Белоруссия шекарасын ашып тауарлардың емін-еркін қозғалуына жағдай жасаса, мұндай қадамға бара алмаймыз, - дейді министрлік өкілі. Өйткені трансшекаралық бақылаудың болмауы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Бізде тауардың 14 мың түрі экспорттық бақылауға жатады. Осы уақытқа дейін шекарадан қауіпсіздікке қатер төндіретіндей тауарлардың өту жағдайы тіркелмеді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясы мүшесі:

Ондай фактілер жоқ. Бұл денонсация жасау арқылы осы бағытта ұлттық заңнама пайдалана отырып, ары қарай Кедендік одақ аясында жаңа келісім қабылдап жаңа пункттер болады. Бақылауды ары қарай реттеуге бағытталған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ