$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қаржы полициясы «Қазатомпром" ұлттық компаниясының басқарушы директорын ұстады

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1780
Қаржы полициясы «Қазатомпром" ұлттық компаниясының басқарушы директорын ұстады

«Қазатомпром" жетекшілері коррупциялық қылмыс үшін күдікке ілінді. Қаржы полициясы ұлттық компанияның басқарушы директоры Валерий Шевелевті ұстады. Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі Шевелевтің ұйымдасқан қылмыстық топпен сыбайластығын әшкерелемек.


Марат Жұманбай, Қазақстан Республикасы ЭҚСЖҚК агенттігінің ресми өкілі:


Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері "Қазатомпром" ұлттық компаниясының басқарушы директоры мен "Қазатомпром Демеу" компаниясының директоры орынбасары Абдыразақовты ұстады. Олар бүгінгі күні сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Еске салайық, осы оқиғадан бұрын құқық қорғаушылар "Әлібеков ұйымдасқан қылмыстық тобының" әрекетін әшкерелеген болатын. «Сырдария жоба Құрылыс» серіктестігінің директоры бола тұра, Розмат Әлібековке мемлекет қаржатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген айып тағылған. Шевелев пен Абдыразақовтың та сол қылмыстық топқа қытысы барлығы анықталып отыр.

Жұрағат БАМАН