$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Жаңа Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1196
Жаңа Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Жаңа Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды. Сапархан Омаров  бұған дейін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған. Ал экс-вице-министр Мүслім Өмірияевке қатысты қозғалған қылмыстық іс барасы туралы дерек жоқ.

Еске салайық, ведомствоның бұрынғы жетекшісі ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамалды. Өткен жылдың желтоқсан айында экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі  Өмірияевты мемлекеттік сатып алулар бойынша оң шешім шығарып, 100 мың доллар көлемінде пара алды деп айыптады. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА