$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Өскеменде қант бағасын қымбаттатқан екі компанияға айыппұл салынды

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1327
Өскеменде қант бағасын қымбаттатқан екі компанияға айыппұл салынды

Өскеменде қант бағасын аспандатып жіберген екі монополист компанияға 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Монополияға қарсы инспекция қызметкерлері арнайы тексеріс барысында өңірдегі екі ірі фирма қант бағасын 131 теңгеден 140 теңгеге негізсіз өсіргенін анықтаған.

Әкімшілік сот  тасымалдаушылар үстінен іс қозғап монополиялық жолмен түскен қаражатты мемлекет пайдасына тәркілеу  туралы шешім шығарды. Дүкен сөрелеріндегі қант бағасы бүгінде төмендеп, қалыпқа келді. Ал халықты қанап, пайдаға кенелгісі келген монополисттер жауапқа тартылды.


Людмила Устьинцова, ШҚО монополияға қарсы күрес инспекциясының басшысы:


Өскемен қалалық әкімшілік сот монополиялық жолмен енген қаражатты тәркілеу туралы шешім шығарды. Қант бағасын негізсіз өсірген фирмалар қатаң бақылауға алынды. Бүгінгі таңда қант бағасы тұрақты.


Қанат ОРАЛБЕК