$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ауғаныстандағы қарулы топтардың өршіп бара жатқан әрекеттері Қазақстанды да алаңдатады

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1098
Ауғаныстандағы қарулы топтардың өршіп бара жатқан әрекеттері Қазақстанды да алаңдатады

Ауғанстандағы қарулы топтардың өршіп бара жатқан әрекеттері Қазақстанды да алаңдатады. Қауіпті күштер Орталық Азия аумағына еніп, тұрақтылыққа сызат түсіруі әбден мүмкін. Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бүгін Тәжікстан Республикасында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Кеңесінде осындай пікірімен бөлісті. 

 
Әділбек Жақсыбеков, ҚР Қорғаныс министрі:

 
Қазақстан Орталық Азия елдерінің аумағына еніп, жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін деструктивті элементтердің Ауғанстан аймағында қарқын алуына алаңдаулы. Әрине, Ауғанстан проблемасын шешу ең алдымен олардың өз қолында. Алайда біз Ауғанстанға халықаралық күштер шыққаннан кейінгі туындайтын қауіп көзімен ғана қарамауымыз керек. Бұл елге көмек қажет. Қазақстан өз тарапынан Ауғанстанға әлеуметтік, білім бағдарламалары және жобалар арқылы гуманитарлық жәрдем көрсетуді жалғастыра береді.


Сымбат МОЛДАТАЙ