$479.05 €534.57 ₽5.17
×

1-ші сәуір - күлкі күнінде ақпарат құралдары да қыңыр ақпаратпен әуестенді

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1436
1-ші сәуір - күлкі күнінде ақпарат құралдары да қыңыр ақпаратпен әуестенді

1-ші сәуір күлкі күнінде ақпарат құралдары да қыңыр ақпаратпен әуестенді. Әрине, журналистердің юморы әріптестерін таңданысқа, сосын күлкіге қарқ қылды.  Мәселен, «Қаз Таг» агенттігі Алматыдағы океанариумға алып көк кит әкелінеді деген хабар таратса, «Экспресс К» газеті Астанада бірегей "Шаолинь" ғибадатханасы ашылады деп жар салды. Көп жылға созылған  келісім ақыры аяқталып, елордамызда шаолинь-ушу мектебі жұмыс істей бастайды деп алдап соқты.

«Астана Операның» ресми парақшасын оқығандарға да құлаққағыс.  Театр "сегізінші сәуірде опера және балет сахнасында америкалық альтернатив рок стилінде ойнайтын "Linkin Park" тобы концерт береді" деп, жұртты еліктірді, ал журналистер езу тартты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА