$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сириядағы соғысқа жүздеген қазақстандық қатысты деген ақпар асыра айтылған

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1089
Сириядағы соғысқа жүздеген қазақстандық қатысты деген ақпар асыра айтылған

Сириядағы соғысқа жүздеген қазақстандық қатысты деген ақпар асыра айтылған. Саясаттанушы Ерлан Кариннің пайымдауынша, келтірілген сандар кейбір лаңкестік топтардың белгілі бір насихатын жүргізу мақсатында тараған. «Терроризм ол тек өзін өзі жару, жарылыстар жасау ғана емес, ол ең алдымен ақпараттық соғыстың бір бөлігі. Лаңкестік топ мүшелері осындай жалған ақпарды қолданып, өз қатарларына қосымша күштер жинамақ болған», - деді сарапшы.


Ерлан Қарин, саясаттанушы:

Сирияда немесе Ауғанстанда екі жүз, үш жүз адам соғысып жатыр деген ақпараттар шындыққа сай келмейді. Соңғы жылы болған ақпарат шын мәнісінде бұл Қазақстанға бағытталған ақпараттық соғыстың бір түрі деп те айтуға болады. Бұл жарнаманың бір формасы. Керісінше, сол аймақтарға қосымша азаматтарды тарту мақсатында жасалған әрекеттер.


Жұрағат БАМАН