$478.96 €533.03 ₽5.22
×

19 сәуірде АҚШ-тың Вашингтон қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1538
19 сәуірде АҚШ-тың Вашингтон қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді

19 сәуірде АҚШ-тың Вашингтон қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы супер чемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов пен аты аңызға айналған ардагер чемпион Бернард Хопкинспен өзара мықтыны анықтайды. Өз кезегінде орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін 19 шілде күні өткізуді жоспарлап отыр.

  



Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы «Бүкіләлемдің бокс қауымдастығы» және «Халықаралық бокс ұйымы» санаты бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін 19 шілде күні өткізеді. Қарағандылық саңлақтың қарсыласы - бүкіәлемдік бокс кеңесінің бұрынғы чемпионы мексикалық кіші-Хулио Сезар Чавес. Екі спортшының өкілдері осындай шешімге келіп отыр. Бірақ келіссөздер әлі жалғасуда. 


Орта салмақтағы басқа чемпиондар Головкинмен кездесуден жалтарып жүргендіктен, кездесу екінші орта салмақта жүреді. Яғни бұған дейін отандасымыз 72 келіде өнер көрсетсе, Чавеспен болатын жекпе-жек 76 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Келісімшартқа байланысты, егер спортшылар белгілегнен салмақтан ауыр болып шықса, онда олар 1 млн АШҚ доллары көлемінде айыппұл төлейді. Екі спортшы арасындағы кездесу АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтеді. Бұған дейін қазақстандық чемпион 29 кездесу өткізіп, оның барлығында үздік шықты. Оның 26-да отандасымыз қарсыластарын нокаутпен жеңді. 


Соңғы жекпе-жегін Қарағанды бокс мектебінің түлегі ақпан айында өткізді. Бұл сында Геннадий Головкин Гана спортшысы Осумана Адаманың жігерін құм қылды. 2011 жылы бүкіәлемдік бокс кеңесінің чемпиондық белбеуін ұтып алған кіші-Чавес 2012 жылы бұл атақты аргентиналық Серхио Мартинеске беріп қойды. Ал өз кезегінде орта салмақтың бірінші нөмірлі спортшысы саналатын Мартинес Головкинмен кездесуден жүрексініп жүр.


Самат ҚАНАҒАТОВ