$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан ғарыш сапары экс-басшысы 12 жылға сотталды

AstanaTV
02.04.2014ж. 13:00
987
Қазақстан ғарыш сапары экс-басшысы 12 жылға сотталды

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президенті Ғабдулатиф Мырзақұлов 12 жылға бас бостандығынан айрылды. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі Астана қалалық мамандандырылған соты үкімді жария етті.

Экс-шенеунікке қатысты сот отырыстары өткен жылдың желтоқсанында басталған. Мырзақұловқа «қазынаның миллиардтаған қаржысын талан-таражға салды», «тапқан табысын алаяқтықпен заңдастырды» деген екі бап бойынша айып тағылды.

Тергеу материалдары бойынша «тендерді ұтып берем деп 210 миллион теңге пара алды және 90 миллион теңгені алаяқтық жолмен жымқырды» деген күдікке ілінген. Ол ірі көлемде пара алып жатқан жерінде тамыз айында ұсталды. 22 томнан тұратын қылмыстық істі қарау бірнеше айға созылды.

Сымбат МОЛДАТАЙ