$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжілісте тұрғын үй жәрдемақысын алу мәселесі көтерілді

AstanaTV
02.04.2014ж. 20:00
919
Мәжілісте тұрғын үй жәрдемақысын алу мәселесі көтерілді

Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға коммуналдық қызметті төлеуге арналған тұрғын үй жәрдемақысын алу қиямет қайым. Өйткені бұл көмек түрін рәсімдеу түрлі ведомстволарға бөлінген. Мәселен, тұрғын үй жәрдемақысын берудің қағидаларын Өңірлік даму министрлігі дайындайды, ал жәрдемақыны тағайындаумен және төлеумен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болса, мемлекеттік бақылау жүргізеді.

Бұл жөнінде депутат Айгүл Нуркина Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты. Сөйтіп проблема шыққанда, жауап беретін адам қалмайтын көрінеді. Ал мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бұл сауалдың өте маңызды екенін атап өтті. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:

Ең бастысы - тұрғын үй жәрдемақысы қолжетімді болуы керек. Ол тұрмысы төмен тұрғындарды кеңінен қамтуы қажет. Яғни әлеуметтік көмектің осы түрін алуға құқылы азамат тиісті органдар жұмысының жүйесіздігіне тәуелді болмай, ол мүмкіндікті толықтай пайдалануы тиіс. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ