$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарды дәрі-дәрмекпен қамту өзекті күйінде қалып тұр

AstanaTV
03.04.2014ж. 10:00
1800
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарды дәрі-дәрмекпен қамту өзекті күйінде қалып тұр

Тобыл өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың тең жартысы ғана тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізіп жүр. Қостанайдағы «Үміт» қоғамдық бірлестігі жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы осындай нәтижені көрсеткен.

Аймақ бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға мыңға жуық адам қатысыпты. Нәтижесінде, мүгедек тобына жататындардың тек 50% ғана ақысыз ем-дом қызметіне жүгінетіндігін, кейде оның өзі жетпей қалатындығын айтқан. Ал қалғандары тегін дәрі туралы мүлдем хабарсыз екендігін жеткізіпті.

Қоғамдық бірлестік өкілдері әлеуметтік зерттеу нәтижесінде арнайы жинақ құрастырып, оны Денсаулық сақтау министрлігіне жолдамақ. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге жиналғандар тегін берілетін дәрілердің санынан гөрі сапасына көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті. Бұл мақсатқа биыл қазынадан 900 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған көрінеді.

Дүйсенғали Оспанов
, «Үміт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Дәріханалардың арасында жанағы конкурс дейміз ғой. Сол кешігіп өткізіледі. Мысалы, жылдың басында берілген тапсырыс ақпан, наурыз айында ғана өткізіліп, сосын ғана дәрі-дәрмекті дәріханалар жеңіп алып, сол арқылы ғана тегін беріледі. Сол жағынан сол кемшіліктер туып, жетпей қалады.

Заңғар САНАЙ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық