$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды облысының Көкпекті ауылы тұрғындарына өзге аймақтардан көмек жіберіле бастады

AstanaTV
03.04.2014ж. 10:00
2054
Қарағанды облысының Көкпекті ауылы тұрғындарына өзге аймақтардан көмек жіберіле бастады

Көкпектіге көмек. Еліміздің аймақтары жұмылып тасқын судан зардап шеккен ағайынға қол ұшын соза бастады. Алғашқылардың бірі болып - Астана жұрты Көкпекті ауылына 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Тауарлар ішінде киім-кешектермен қоса, күнделікті қажетті заттар жиынтығы, сондай-ақ, жылытқыш жабдықтар бар.

Қазір ауыл тұрғындарына бірінші кезекте дәл осы заттармен бірге көкөніс, азық-түлік қажет. Өйткені тасқын кезінде қоймаларды су басып, халық азықсыз қалған. Алдағы уақытта Астана азық-түлік жібермекші.

Айта өтейік, қазір апат аймағын қалпына келтіру шаралары жүріп жатыр. Бұған мыңнан астам адам жұмылдырылған. Осы күнге дейін 100-ден астам үйдің ауласындағы су сорылып, 500 тоннадай қоқыс шығарылды.

Илхам ИБРАГИМ

Алдыңғы жаңалық