$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Германия канцлері Ангела Меркель Қытайға сапарында ел төрағасы Си Цзи Пиньге көне картаны тарту етті

AstanaTV
03.04.2014ж. 10:00
1015
Германия канцлері Ангела Меркель Қытайға сапарында ел төрағасы Си Цзи Пиньге көне картаны тарту етті

Ерекше сый. Германия канцлері Ангела Меркель Қытайға сапарында ел төрағасы Си Цзи Пиньге көне картаны тарту етті. Бұл Қытай белсенділерінің ашуына тиді.

Белгілі болғандай, Қытайдың ескі картасы Германияда 1735 жылы жасалған. Бір қызығы - картадағы Қытайдың бұрынғы жерлері қазіргі таңда Ресейдің қарамағында екендігі бейнеленген. Картада аспан асты елінің 1949 жылғы аумағы да белгіленген. Онда Қиыр Шығыс, Тыва, Сібір және Оңтүстік-Қытай теңізінің аралдары көрсетілген. Тосын сый қазір қытайлық блогерлердің қызу талқылауында. Олар Меркельдің бұндай тартуын «мың сөзден де салмақты», деп отыр.

Жұрағат БАМАН