$505.15 €550.31 ₽5.89
×

АҚШ мұнай қоры таусылуда

AstanaTV
03.04.2014ж. 10:00
1380
АҚШ мұнай қоры таусылуда

Мұнай қоры болашақта көбеюдің орнына керісінше азайуы мүмкін. Бұл туралы CNBC басылымы жариялады. Мақалада бұған себепкер - АҚШ-тың мұнай өндірісінің өсуі делінген.

Атап айтқанда, америкалықтардың мұнайға деген сұранысы әлемдік нарыққа да үлкен әсер етуде. Оклахомадан Техасқа дейін өткізілген Кейстоун құбыры да мәселенің ушығуына себепкер болуы мүмкін екен.

Мамандардың пайымдауынша, Құрама Штаттар жыл соңына дейін күніне 9 миллион баррельге дейін мұнай өндіруі ықтимал. Бүгіннің өзінде теңіздің арғы жағында күніне 8,2 миллион баррель мұнай өндіріледі. Ал бұл бұдан үш жыл бұрынғыдан 3 миллионға көп. Осыған қарамастан, америкалықтар мұнай импортын да жалғастырып жатыр. Олар Канада және Сауд Араб елдерінен өткен аптада шамамен 7,6 миллион баррель мұнай сатып алған.

Жұрағат БАМАН