$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Әкімдер енді жылына бір рет есеп беретін болады

AstanaTV
03.04.2014ж. 13:00
1078
Әкімдер енді жылына бір рет есеп беретін болады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен түрлі деңгейдегі әкімдер жұртшылықпен жылына бір рет кездесу өткізетін болды.

Құжатқа сәйкес, әкімдердің халықпен жүздесуі әр жылдың бірінші тоқсанында ұйымдастырылуы тиіс. Онда әкімдер елдегі реформалар, әкімшілік аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен жоспарларын түсіндіріп, жеткізуі тиіс. Осыған дейін бірінші тоқсанда облыс және республикалық маңыздағы қала әкімдері есеп беретін.

Ал аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар шаһар басшысы жұртпен әр жарты жыл сайын кездесіп тұратын.

Жұрағат БАМАН



 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық