$479.05 €534.57 ₽5.17
×

NASA Ресеймен әріптестікті үзуге ниетті

AstanaTV
03.04.2014ж. 13:00
804
NASA Ресеймен әріптестікті үзуге ниетті

NASA Ресеймен ынтымақтастықты үзуге ниетті. Бұл жайында американдық басылымдар жарыса жазып жатыр.

Бұдан былай NASA өкілдерінің Ресейге аттап басуына немесе телеконференция өткізуіне қатаң тыйым салынады. Агенттіктің нысандарына Ресей шенеуніктері шақырылмайды. Олармен, тіпті электронды байланысқа шығуға мүмкіндік болмайды.

Дегенмен, халықаралық ғарыш стансаларындағы бірлескен жұмыс кезінде немесе үшінші мемлекет ұйымдастырған конференцияларда кездесуге мүмкіндік бар. Алайда, ғарыш агенттігіндегілер бұл жаңалықты құптамай отыр. Олар саясат сахнасындағы алауыздық ғылымның зардап шегуіне соқтырмауы тиіс деген пікірде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА