Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан тағайындалған лауазымды
тұлғаларға алғашқы міндеттемелерін жүктеді. Айта кетейік, ел билігінде кадрлық
өзгерістер бүгін де жалғасты. Президент жарлығымен Мәжіліс төрағасы лауазымын
атқарған Нұрлан Нығматулин Президент әкімшілігінің жетекшісі болып
тағайындалса, Әділбек Жақсыбеков Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды.
Бүгінге дейін ол Қорғаныс министрлігін басқарған.
Нұрсұлтан Назарбаев Президент
Әкімшілігінің басшылық құрамымен жеке кездесіп, жаңадан тағайындалған лауазым
иелеріне сенім артатынын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мемлекеттік хатшы болып Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Ол кісіні де
бәріңіз білесіздер. Аппаратты да басқарды, кейінгі кезде министр болды. Әділбек
Рыскелдиевич госсекретарь занимается по поручению Президента очень большой
деятельностью. Желаю успехов. Енді Нұрлан Зайроллаевич Нығматулин. Бұл кісіні
де бәріңіз білесіздер. Істеп кетті аппаратта. Партияда бірінші орынбасар болды,
облыста істеді, кейінгі кезде Парламентте істеді, Мәжілісте. Барлық тәжірибесі,
істеген жұмысы, ақыл-ойы, парасат, барлығы жетеді, сондықтан дұрыс жұмыс
істейді деп санаймыз.
Ал экс-премьер Серік Ахметов үкімет құрамына қайта оралды. Енді ол
Қорғаныс министрі лауазымын атқарады. Ведомствоның басшылық құрамымен кездесуде
Нұрсұлтан Назарбаев Ахметовты осы қызметке ең лайықты адам деп санайтынын
айтты.
"Біз қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны тағайындау бағытын
ұстанып келеміз. Бізге қорғаныс кешені кәсіпорындарын дамытуды, армиямызды
заманауи техникамен жабдықтауды жалғастырып, сондай-ақ мемлекет қаражатын
тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет", - деді Президент.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА