$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 14%-ға төмендеп, импорт 7%-ға артқан

AstanaTV
03.04.2014ж. 20:00
1459
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 14%-ға төмендеп, импорт 7%-ға артқан

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 14 пайызға төмендеп, импорт 7 пайызға артқан. Бұл Кедендік одақтан кіретін тауарларды айтпағанда, қазақ нарығына үшінші елдерден келетін импорт.

Сенат отырысында "Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу бойынша хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасын таныстырған экономика және бюджетті жоспарлау министрінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев сынның астында қалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі атына да аз сөз айтылмады. Алайда депутаттардың сауалына іс басындағы министр жауап бере ме, әлде салаға жаңа басшы келе ме? 

Министрлердің қабағы қатулы. Ауыл шаруашылығы министрлігіне шүйліккен Светлана Жалмағамбетова Асылжан Мамытбеков жаңа министрлер кабинетінде болмауы тиіс деп санайды. Оның айтуынша, министрлік жұмысы сын көтермейді.

Светлана Жалмағамбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

В данной ситуации, я думаю, Министерству сельского хозяйства надо вообще подумать, кто должен быть министром, кто должен работать в Министерстве сельского хозяйства.

Сырттан келетін тауарларға тиесілі квота мәселесі қаралғанда, Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің міндетін атқарушы Ерболат Досаевқа да аз сын айтылмады. Себебі үшінші елдерге бөлінетін квота көлемі күрт көбейген. Салдарынан азық-түлік нарығын импорт жаулап алып, отандық тауар өндірушілерді аяқтан шалып жатыр.

Қожахмет Баймаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Импорт картоп 45%-ға өскен, 77 мың тонна былтыр 112 мың тонна, қияр - 2,8 есе. 20 мың тоннадан 55 мың тоннаға, сәбіз 2,2 есе, 40 мың тоннадан 87 мың тоннаға, қырыққабат 2,7 есе. 30 мыңнан 80 мың тоннаға, пияз 2,2 есе, 64 мың тоннадан 141 мың тонна алыппыз. Айналайын-ау, сонда біз не өндіріп жатырмыз?

Сырттан жеткізілетін өнім көлемі Кеден одағы аясында да артқан. Мәселен, қызынақ 2 есе, қызылша - 15, ірі қара еті 83, жылқы етінің импорты 64 есеге көбейген. "Ал одақ елдерінен кіретін импорт жалпы импорт көлемінің 41 пайызын құрайды",- дейді сенатор Баймаханов.

Қожахмет Баймаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

К товарам, к которым доля импорта превышает 50%, күріш 89%, Қызылорда облысының күріші деген, екі Қазақстанға жететін күріші бар ғой. Неге оларға кедергі қоймайсыздар? Жұмыртқа - 99%, ұн, өзіміздің қанша ұн, 92%. Тұз, Аралда деген, айналайын Ерболат Асқарбекұлы, ең сапасы жоғары тұз жатыр. 96% тұзды кіргізіп жатырмыз. Әй, бұл не деген масқара енді? Бұл Кеден одағындағымыз, ертең ВТО-ға кірсек, өлеміз бе сонда?

"Импортқа берілетін квота ауыл шаруашылығы өндірісі мен тауар тапшылығының айырмашылығынан шықса, бізде өндіріс өсіп жатқан жоқ", - деген тұжырымға келді сенаторлар. Сынды үйіп төксе де, сөз соңында барлығы бір ауыздан тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы заң жобасын ратификациялады.


Айгүл ӘДЕПБАЙ