$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Армения премьер-министрі қызметтен тайды

AstanaTV
04.04.2014ж. 10:00
718
Армения премьер-министрі қызметтен тайды

Армения премьер-министрі Тигран Саркисян отставкаға кетті. Мұндай ақпаратты «Арминфо» ақпарат көзі ұлттық кеңес вице спикері Эдуард Шармазановқа сілтеме жасап таратты.

Ел президенті Серж Саргсян жоғары лауазымды тұлғаның жұмыстан кету туралы өтінішін қабылдаған. Әзірге отставканың немен байланысты екені айтылмайды. Ал президент жақын арада саяси кеңес өткізіп, жаңа премьерді тағайындамақ.

Шармазановтың айтуынша, Тигран Саркисянның отставкасы аяқ асты қабылданған шешім емес. Бұл сұрақ бір ай бойы талқыланған.

Ал бұл кезде Қырғызстан Парламенті жаңа үкіметін сайлады. Парламенттің пленарлық отырысында депутаттар Жоомарт Оторбаевты елдің премьер-министрі лауазымына және үкіметтің жаңартылған құрамын сайлауға дауыс берді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ