$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мәжіліс төрағалығына Хабиболла Жақыпов тағайындалды

AstanaTV
03.04.2014ж. 20:00
1802
Мәжіліс төрағалығына Хабиболла Жақыпов тағайындалды

Мәжіліс төрағалығына Хабиболла Жақыпов тағайындалды. Ол бұған дейін Парламент төменгі палатасының вице-спикері болған. Енді бұл қызметті Дариға Назарбаева атқарады. Тағайындау заң талаптырына сәйкес жасырын дауыс беру арқылы жүргізілді. Жақыповтың кандидатурасын 103 депутат қолдап, біреуі қарсылық танытты.

Фракциялар жетекшілері Жақыповты түзу жолдан таймайтын салмақты адам ретінде бағалап, сенім білдірді. Өз қызметіне бірден кіріскен Хабиболла Жақыпов төрағаның орынбасары лауазымына Дариға Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан қолдады. Айта кетейік, Мәжілістің басшылық құрамына тұңғыш рет әйел азамат еніп отыр.

Ал Дариға Назарбаева бұған дейін басқарған Парламенттің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы болып депутат Гүлнәр Ықсанова тағайындалды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ