$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Астана қаласының билігі көктемгі сумен күрес барысы туралы баяндады

AstanaTV
03.04.2014ж. 20:00
1657
Астана қаласының билігі көктемгі сумен күрес барысы туралы баяндады

Күннің күрт жылуынан Астана су қоймасы бір түннің ішінде тұтас қала тұрғындары бір жылда тұтынатын мөлшерде су қабылдапты. Сәуірдің бірінен екісіне қараған түнде қоймаға 70 млн шаршы метр су құйылды. «Мұндай көрсеткіш бұрын соңды тіркелмеген»,- деді қала басшылығы. 

Василий Крылов, Астана қаласы әкімінің орынбасары: 

Биыл Астана су қоймасы 170 млн, ең аз дегенде 130 млн текше метр су қабылдайды деп жоспарлаған. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 150 миллионға жетті. Сіздер білесіздер, 1 сәуір күні ауа температурасы 17 градусқа дейін көтерілді. Бұл қар-мұзды тез ерітіп, ерінді судың шамадан артуына әкеліп соқты. 

Сонымен қатар Сарыбұлақ су арнасы деңгейінің көтерілуінен «Юбилейный» және «Достық 2» саяжайшылар алабы суға кетті. Әкімдіктің таратқан ресми ақпараты бойынша, қауіп орталығынан 25 адам көшірілген. Ал баспаналарын тастаудан бас тартқандарға ауыз су мен азық-түлік үздіксіз жеткізіліп отыр.

Атап өтейік, қауіпті аумақта көлік қозғалысы шектелген. Тасқын орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күні-түні жұмыс жасауда. Мамандардың айтуынша, атқарылып жатқан іс-шаралардың өзі қауіптің көзін тез арада жоюға мүмкіндік бермей отыр. Құбырлар мен арықтар толассыз келген суды жіберіп үлгермей жатқан көрінеді.  

Есен Баиров, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің Есіл ауданы бойынша басқарма бастығы:


Төтенше жағдайлар департаментінің 18 жеке құрамы, 2 техника және Астана тазалық әкімшілігінен 800 қап құм әкелініп, үйдің қасы қоршау жасалынып, үйге су бармайтындай жағдайлар ойластырылып істеліп жатыр.  

Жұрағат БАМАН