$479.05 €534.57 ₽5.17
×

НАТО күштері Ауғаныстанда 2014 жылдан кейін де қалады

AstanaTV
04.04.2014ж. 10:00
721
НАТО күштері Ауғаныстанда 2014 жылдан кейін де қалады

НАТО күштері Ауғаныстанда 2014 жылдан кейін де қалады. Бірақ саны азаяды. Бұл жөнінде «Альянс» жетекшілерінің бірі хабарлады.

Алайда бұған дейін АҚШ та, НАТО да, егер Кабул Вашингтонмен қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қоймаса, біздің бір де бір сарбаз ауған жерінде қалмайды, деп мәлімдеген еді.

Ал Ауғаныстан президенті Хамид Карзай ондай келісімге қол қоймайтынын айтып, үзілді-кесілді қарсылығын білдірген болатын. Бірақ ол тек 5-ші сәуірге дейін ғана отырады тағында. Яғни ертең Ауғаныстанда президент сайлауы өтеді. АҚШ пен НАТО, жаңа мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қояды, деп үміттенеді.

Айта кетерлігі, президенттікке үміткер үш кандидат - Абдулла Абдулла, Залмай Расул және Ашраф Гани бұған дейін Американың ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында, ол келісімді қолдайтындарын жеткізген еді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ