$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ақмола облысындағы ауылдарда су тасқынның беті қайта бастады

AstanaTV
04.04.2014ж. 13:00
978
Ақмола облысындағы ауылдарда су тасқынның беті қайта бастады

Ақмола облысындағы ауылдарда су тасқынының қаупі сейіле бастады. Бұған дейін, табиғи апат өршіп тұрған Изобильное ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді. Бүгінде олар үйлеріне қайтып оралуда. Бұл туралы Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Айта кетейік, Сілеті су қоймасына аса көп мөлшерде су жиналғандықтан, 130-дан астам тұрғын құтқарылған, олардың 36-сы - жас бала. Ерейментау ауданына қарасты Изобильное кентінің тұрғындарымен қатар төрт түлік мал да қауіпсіз аймаққа көшірілді. Енді су мөлшері азайып, қалыпқа түскен соң уақытша орнатылған бекеттерде күнелткен тұрғындар баспаналарына орала бастады. Кеше сондай-ақ, Чайкино ауылында электр жүйесі қалпына келтірілді.

Базаркүл Жаханова, Ақмола
облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:

Үшінші сәуір күнгі көрсеткішпен салыстырғанда, ағып келген су мөлшері азайды. Бүгінге дейін жоғары мөлшерде аққан судың барлығы жазықтан келді. Ауа
райының күрт жылып кетуіне байланысты, келесі аптаның соңында екінші рет су тасқыны бола ма деген қауіп бар. Қазір Зеренді ауданынан бастау алатын Жабай өзені еріп жатыр, ол Атбасар, Сандықтау аудандарына қауіп төндіруі мүмкін.

Сымбат МОЛДАТАЙ