$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өскеменде мал арасындағы аусылдың шығу себебі анықталды

AstanaTV
04.04.2014ж. 13:00
1074
Өскеменде мал арасындағы аусылдың шығу себебі анықталды

Шығыс Қазақстанды соңғы үш жыл бойы дүрліктірген аусыл ауруының шығу себептері анықталды.

Облыстық прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеріске сай, жаппай індетке шалдығу малдың уақытылы егілмеуіне байланысты шыққан. Сондай-ақ, мерзімі өтіп кеткен, сақталу ережелері бұзылған сапасыз препараттар да Шығыста аусылдың өршуіне себеп болды.

Өңірде аусыл ауруының ошағын жою үшін бір миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысы жұмсалған. Егер төрт түлікке дер кезінде егу жұмыстары жүргізілгенде, 300 миллион қаражат қана жұмсалатын еді, - дейді мамандар. Бұдан бөлек, Аягөз, Катонқарағай, Үржар, Тарбағатай аудандарында ауру малдың санын азайтып көрсету фактілері анықталып отыр.

Нұрбұлан Мақұлбаев, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі:

Аудандардың неліктен жасырғаны белгісіз. Соның салдарынан ауру мал дер кезінде егілмеді. Өзгелерге
жұқтырды.

Қанат ОРАЛБЕК