Ауылшаруашылығы саласындағы тағы бір
шенді Нығмет Жақыпбаевтың ісі прокуратураға жөнелтілді. Бұл жөнінде Қаржы
полициясы баспасөз қызметі ақпар таратуда.
Шенеунік 2 жыл бұрын Ветеринарлық
бақылау комитеті төрағасы болған кезде «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп
айыпталған еді.
Тергеу материалдарына сай, ол Шығыс
Қазақстандағы 3 ауылда «зертханалар құрылысы аяқталды» деп жалған құжаттарға
қол қойған. Сөйтіп, «мемлекетке 83 миллион теңге көлемінде шығын келтірді»
деген күдікке ілінді.
Саладағы жемқорлық тек бұл ғана емес. Ауыл
шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев пен Мал шаруашылығы департаментінің
директоры Мақсұт Бақтыбаев да жемқорлыққа қатысты айыпталған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА